Қызметтік міндеттер

Қызметтік міндеттер

Ахметов Бекет Тулегенович – Еңбекшіқазақ аудандық  мәслихаттың хатшысы

- мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

- мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегi жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;

 - депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;

 - мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

- сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;

- мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;

- өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;

- мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметiн үйлестiредi;

- мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;

- мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;

- мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды;

- аудандық мәслихат аппаратындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жүргізуге және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шараларына тікелей жауапкершілік танытады.

        

Джелдикбаева Айгерим Алчиновна – Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат аппаратының басшысы

- Қазақстан Республикасы Президентінің,Үкіметінің актілерінің, аудандық мәслихаттың сессияларының шешімдерінің, мәслихат хатшысы өкімдерінің орындалуын тексеру мен бақылауды ұйымдастыру;

- мәслихат аппаратының қызметін ұйымдастыру, аппараттың жалпы басшылығын жүзеге асыру және аппаратқа жүктеген міндеттердің орындалуы үшін жауап беру;

- мәслихаттың даму (перспективалық) және ағымдық жұмыс жоспарларын жасау;

- мәслихат сессиясын дайындауға және оны өткізуге бағытталған жұмыстарды ұымдастыру;

- депутаттар оқуының жоспарлары әрі жүйелі өтуіне басшылық жасайды, аталған іс-шараларды ұйымдастырады;

- конкурстық, аттестацияық, тәртіптік, сараптамалық комиссиялардың, «Б» корпусының мемлекеттік кызметкерлерінің жұмысын бағалау комиссиясының, мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмысына тікелей басшылық жасайды;

- аудандық сайлау комиссияларының  құрамдарына өзгертурлер енгізу туралы ұсыныстар енгізген парялармен байланыс орнату бойынша бақылауды жүзеге асырады;

- жоғары және жергілікті органдардан түскен құжаттардың орындалуын қадағалау;

- аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының жұмыстарын үйлестіру;

- басшылықтың тапсыруымен өзге де міндеттерді атқарады.

        

Сатыбалдиев Беглан Билибайұлы – аудандық мәслихат аппаратының бас маманы

- Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінің, аудандық мәслихаттың сессияларының шешімдерінің, мәслихат хатшысы өкімдерінің орындалуын тексеру;

- методикалық-әдіскерлік көмек көрсету – депутаттармен жұмыстарды ұйымдастыру, бақылау жұмыстарын  іске асыруға, оларды оқуға тарту, кәсіби деңгейін арттыруға атсалысу;

- мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелердің сапалы әзірленуіне қатысу;

- әділет басқармасына тіркелуге жататын нормативтік құқықтық актілерді мерзімінде даярлап, тіркетуді қамтамасыз етеді және олардың аудандық баспасөз құралдарында мерзімінде жариялануына тікелей жауапты болады;

- «Мәслихаттың әлеуметтік салаларды дамыту мен заңдылық, құқықтық тәртіп, қоғамдық келісім, жергілікті мемлекеттік және өзін-өзі басқару мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның өз құзыреті шегінде өкілеттігін жүзеге асыру туралы қызметіне ықпал етеді;

- басшылықтың тапсыруымен өзге де міндеттерді атқарады.

Женисова Жадыра Женисовна - аудандық мәслихат аппаратының бас маманы

- мәслихат сессиясын және оның қарауына енгізілетін мәселелердің сапалы әзірленуіне қатысу;

- мәслихат депутаттарының өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына жәрдемдеседі, кеңестік және әдістемелік көмек көрсетеді;

- «Мәслихаттың агроөнеркәсіп, шағын және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау, индустриялды-инновациялық даму мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның өз құзыреті шегінде өкілеттігін жүзеге асыру туралы қызметіне ықпал етеді;

- мәслихаттың жұмыс жоспарына, аппараттың ағымдағы атқаратын жұмыстарына сәйкес өзінің фунционалдық міндеттерін іске асыру;

- методикалық-әдіскерлік көмек көрсету – депутаттармен жұмыстарды ұйымдастыру, бақылау жұмыстарын  іске асыруға, оларды оқуға тарту, кәсіби деңгейін арттыруға атсалысу;

- басшылықтың тапсыруымен өзге де міндеттерді атқарады.

        

         Орынбасарқызы Линара – аудандық мәслихат аппаратының бас маманы-есепшісі

- аудандық мәслихат аппаратының шаруашылық-қаржылық бухгалтерлік есебін ұйымдастыру және материалдық, қаржылық қорларын пайдалану, мүліктің сақталуын бақылау жұмыстарын жүзеге асырады;

бухгалтерлік есепті жүзеге асыру, бухгалтерлік есептің дұрыстығын тексеру, алашақ-берешек қарыздары бар мекемелермен өзара тексеру актілерін жасау;

- Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілерінің, аудандық мәслихаттың сессияларының шешімдерінің, мәслихат хатшысы өкімдерінің орындалуын тексеру;

- мәслихаттың жұмыс жоспарына, аппараттың ағымдағы атқаратын жұмыстарына сәйкес өзінің фунционалдық міндеттерін іске асыру;

- методикалық-әдіскерлік көмек көрсету – депутаттармен жұмыстарды ұйымдастыру, бақылау жұмыстарын  іске асыруға, оларды оқуға тарту, кәсіби деңгейін арттыруға атсалысу;

- негізгі қаржы, қордың аналитикалық есебін жүргізеді;

- Аудандық мәслихат аппаратының сметасын тиімді есебін жүргізу және есебін алуды ұйымдастыру, дайындау және орындауын жүзеге асыра отырып, спецификалар - бойынша қаржылық шағымдарға анализ жүргізуді жүзеге асырады;

- Бухгалтерияның жалпы жұмысына бақылау жасайды;

- «Мәслихаттың экономика, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссияның өз құзыреті шегінде өкілеттігін жүзеге асыру туралы қызметіне ықпал етеді;

- басшылықтың тапсыруымен өзге де міндеттерді атқарады.

          Курманбаева Карлыгаш Нурмыхановна – аудандық мәслихат аппаратының жетекші маманы

- азаматтардың хаттарын, шағымдары мен өтініштерін уақытысында тіркеп, олардың орындалуын және дер кезінде өтініштің нәтижесі туралы жауап берілуін жүзеге асырады;

- аудандық мәслихат аппараты іс қағаздарының номенклатура жиынтығын, мұрағат құжаттарын жасауды қамтамасыз етеді;

- депутаттардың сессияға, комиссия отырысына, сондай-ақ депутаттар қатынасуымен өтетін аудандық шараларға келуін қамтамасыз етеді, хаттамалар жүргізеді;

- мәслихаттың жұмыс жоспарына, аппараттың ағымдағы атқаратын жұмыстарына сәйкес өзінің фунционалдық міндеттерін іске асыру;

- методикалық-әдіскерлік көмек көрсету – депутаттармен жұмыстарды ұйымдастыру, бақылау жұмыстарын  іске асыруға, оларды оқуға тарту, кәсіби деңгейін арттыруға атсалысу;

- әкімнің ұсынысы негізінде «Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы» атағын беру туралы құжаттарды сессия қарауына әзірлейді;

- «Мәслихаттың энергетика мен жалпы инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі»тұрақты комиссияның өз құзыреті шегінде өкілеттігін жүзеге асыру туралы қызметіне ықпал етеді;

- басшылықтың тапсыруымен өзге де міндеттерді атқарады.