Басшылық

 

 

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ ХАТШЫСЫ

АХМЕТОВ БЕКЕТ ТӨЛЕГЕНҰЛЫ

 

            АХМЕТОВ БЕКЕТ ТӨЛЕГЕНҰЛЫ 1961 жылы  4 қарашада  бүгінгі Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Казатком ауылында көпбалалы отбасында дүниеге келген.

Жоғары білімді. Атап 1986 жылы Қазақтың дене тәрбиесі институтын  - дене  тәрбиесі және бұқаралық жұмыстар мен туризмді ұйымдастырушы мамандығы, 2006 жылы Экономика және құқық академиясын - қаржы экономист мамандығы бойынша бітірді.

Алғашқы еңбек жолын 1980 жылы «Транссельхозхимия» автокөлік кәсіпорынында қарапайым дәнекерлеуші ретінде бастаған болатын.         

Кейіннен 1980-1982 жылдар аралығында Совет Армиясы қатарында Отан алдындағы әскери борышын атқарды.

1986-1992 жылдары «Анатольевка» орта мектебінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімі. 1992-1993 жылдары осы  орта мектептің директордың оқу бөлімі бойынша орынбасары.

1993-1998 жылдары «Бубенцов» атындағы орта мектептің директоры. 1998-2001 жылдары Еңбекшіқазақ ауданының білім бөлімінің бастығы.

2001-2007 жылдары «Абылай хан» атындағы орта мектептің директоры.

2007 - 2011 жылдары аудан әкімінің кеңесшісі.

2011 - 2016 жылдары аудан әкімінің орынбасары.

2016 жылдың наурыз айының 24 жұлдызынан бүгінгі таңға дейін Еңбекшіқазақ ауданының мәслихатының хатшысы лауазымында ел игілігі үшін жұмыс атқарып келеді.

Осы аралықта жүріп өткен еңбек жолында жеткен жетістіктері мен қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар меркелік және арнайы наградалармен марапатталған болатын. Олардың қатарында:

- 2000 жылы білім беру саласындағы  ерекше еңбегі үшін «Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі» белгісімен;

- 2008 жылы жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін «Ыбырай Алтынсарин атындағы» медалі;

- 2009 жылы «Ауғанстан Демократиялық Республикасынан Кеңес әскерінің шығарылуына 20 жыл» мерекелік медалі;

- 2011 жылы  «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалі;

- 2014 жылы «Қазақстан мәслихаттарына 20 жыл» мерекелік медалі;

- 2014 жылы «Ұлттық ұлан  қызметінің үздігі» кеуде белгісімен;

- 2015 жылы «Қазақстан халқы Ассамблеясына 20 жыл» мерекелік медалі;

- 2015 жылы «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалі;

- 2015 жылы ауданымыздың әлеуметтік, экономикалық, саяси дамуына қосқан елеулі үлесін бағалай отырып Елбасының атынан «Ерен еңбегі үшін» атты мемлекеттік награда

- 2016 жылы «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалі;

- 2016 жылы «Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы» атағы табыс етілген болатын.

- 2018 жылы «Астана 20 жыл» мерекелік медалі;

Сонымен қатар, бүгінгі таңда отбасының отағасы ретінде 6 бала тәрбиелеп, барлығын қанаттандырып, құтты орындарына қондырып 5 немере сүйіп отыр.

Мәслихат хатшысының лауазымдық міндеттері

 

- мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

- мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегi жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;

- депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;

- мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

- сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;

- мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;

- өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;

- мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметiн үйлестiредi;

- мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;

- мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;

- мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды;

- аудандық мәслихат аппаратындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер жүргізуге және сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шараларына тікелей жауапкершілік танытады.