Мәслихат жұмысы туралы ақпарат

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 2018 жылы атқарған жұмысы туралы мәслихат хатшысы Б.Ахметовтың есебінің тезистері

                                                                                                 2019 жыл, ақпан

 

Ардақты ағайын!

 

          «Еңбегің өнімді болса, көңілің сенімді болар» демекші,  аудандық мәслихаттың регламенті негізінде назарларыңызға мәслихат хатшысының халық алдындағы есебін, яғни аудандық мәслихаттың 2018 жылы атқарған жұмысы туралы  есебін ұсынамын.

1. 6-ШАҚЫРЫЛЫМНЫҢ САПАЛЫҚ ҚҰРАМЫ

         2016 жылы 20 наурызда өткен саяси науқанда өздеріңіз артқан сенімді арқалап, жергілікті өкілді билік органы болып табылатын аудандық мәслихаттың 6-шақырылымының депутаты атанған 23 азамат өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін сыбана еңбек етуде.

         Депутаттық корпустың 47,8 %-ын (11 адам) ауданымыздың экономикасына үлес қосып жүрген кәсіпкерлер, 30,4%-ын (6 адам), мемлекеттік мекеме басшылары, 8,7 %-ын (2 адам) мекеме басшыларының орынбасарлары, 13% -ын (3 адам) өзге сала өкілдері құрайды.

        2.  МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ

         Заңға сәйкес мәслихаттардың қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады және дәл сессия арқылы біз атқарушы органдармен бірлесе отырып, Елбасымен белгіленген міндеттердің, бағдарламалардың іске асырырылуы мен орындалуын қарастырып, көзделген межелерге қол жеткізе аламыз.

         Сессияларға депутаттардың орташа қатысуы қазір 86,9% құрап отыр.

         2018 жылы аудандық мәслихат өз өкілеттілігінің шегінде 17 сессия өткізіп, 93 шешім  қабылдады.

          Бүгінгі таңда «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құқықтық нормаларын  белгілейтін аудандық мәслихаттың 24 нормативтік құқықтық шешімі қолданыста.

         Есепті мерзім ішінде, яғни аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 22 желтоқсандағы кезектен тыс ХХІ сессиясында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1 тармағы 12-1) тармақшасына сәйкес және аудан әкімінің ұсынысының негізінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 27 жылдығына орай ауданымыздың қоғамдық өміріне белсенді араласып, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына қосқан елеулі үлесі үшін 10 азаматқа «Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

         Депутаттардың сессия отырысына қатысу үлесі 93 пайызды құрап отыр.

         3. МӘСЛИХАТТЫҢ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯЛАРЫ

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағына сәйкес мәслихат өзінің өкілеттік мерзіміне 4 тұрақты комиссия құрды:

         1) «Әлеуметтік салаларды дамыту мен заңдылық, құқықтық тәртіп, қоғамдық келісім, жергілікті мемлекеттік және өзін – өзі басқару жөніндегі» тұрақты комиссия. Құрамына жалпы 6 депутат бекітілген. Төрайымы Егенбаев Гульсара Калиевна.

         2) «Экономика, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссия. Құрамында 5 депутат. Төрағасы Байғоджаев Қуат Сұлтанович.

         3) «Агроөнеркәсіп, шағын  және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау, индустриалды -инновациялық даму мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссия. Құрамында 6 депутат бар. Төрағасы Рустамбеков Айдар Омарханович.

         4) «Энергетика мен жалпы инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссия. Құрамында 5 депутат бекітілген. Төрағасы Қырқынбаев Сейтхан Есенбайұлы.

         Жалпы 2018 жылы тұрақты комиссиялардың  12 отырысы (оның ішінде 4 көшпелі, 6 біріккен және 2 жеке) өткізілді. Онда 46 есеп тыңдалды. Қабылданған қаулылардың орындалу үлесі 78,3 пайыз.

         Депутаттардың тұрақты комиссия отырысына қатысу үлесі 91,7 пайыз

4. ДЕПУТАТТЫҚ КОРПУСТЫҢ  ЖАЛПЫ ЖҰМЫСЫ

         1. Депутаттардың жұмысындағы ең  маңыздысы, олардың сайлау округтерінде орындаған тиімді жұмыстары болып табылады. Сондықтан аудандық мәслихат депутаттары депутаттық өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында өздері сайланған округтер мен қызмет орындарында  және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында белгіленген кестеге сәйкес сайлаушыларды қабылдайды. Қабылдау мерзімі ауданның бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде жарияланып, сайлау учаскелерінде қабылдау кестесі жасалып ілінген. 

         2. Аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» депутаттық фракциясы. Депутаттардың көпшілігі, «Нұр Отан» партиясының мүшелері (22 адам). Сондықтан, фракцияның қызметін ұйымдастыру аудандық партия филиалы мен тікелей төрағаның бірінші орынбасары Байғоджаев Қуат Сұлтанұлына бекітілген.  Ал, «Ауыл» ХДПП аудандық филиалынан 1 адам сайланды.     

         3. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, аудандық мәслихат хатшысы мен депутаттары  аудандағы сайлау округтерінде 2018 жылы 23 есеп беру кездесулері өткізілді.

       4. Депутаттық қызметті жүзеге асыру шеңберінде үлкен, әр қырынан келуді талап ететін мәселелер бойынша біздің тарапымыздан депутаттық сауал жолдау құқығы барынша пайдаланылып келеді. Есепті кезеңде  түрлі бағытта 18 депутаттық сауал жолданды.

         5. Тұрақты ақпараттық жұмыс тобы 25 ауылдық округте және 1 қалада әлеуметтік және стратегиялық маңызды нысандарды аралап көріп, кездесулер өткізді.

       Аталған кездесулердің барысында 75 елді мекен мен 1 қала қамтылып, тиісінше округ активінің, ұжымдардың, ауыл тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық тарапынан бірқатар маңызды да, түйіткілді мәселелер көтерілді. Жалпы 356 сұраныс түсті, олар тиісінше маңыздылығы бойынша сарапталып 204 мәселеге топтастырылды. Қалған 152 сұраққа тікелей сол жерде бірден ауызша жауап берілді.

       6. Аудандық мәслихат депутаттары – Елбасы саясатының белсенді таратушылары  және аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан игілікті іс-шараларға белсене араласып, ауданның атқарушы және жергілікті қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып өзіндік үлестерін қосуда.Аудандық мәслихаттың ақпараттық жұмыс тобының мүшелері ретінде олар есепті кезеңде 120-дан  астам кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

     7. Сондай-ақ, депутаттардың сайлауалды бағдарламаларының жүзеге асырылуы мен орындалуы аудандық мәслихат аппараттының үнемі назарында. Барлық депутаттардың сайлау алды бағдаламамаларында көзделген негізгі бағыттар бойынша жұмыс жүргізілуде, оның 69,5 %-ы орындалды.

5. АҚПАРАТТЫҚ ҚОЛДАУ.

      Депутаттардың белсенділігінің тиімділігін көтеретін формалардың бірі, олардың жергілікті баспасөз қызметімен тұрақты байланыста болуы. Ағымдағы жылы аудандық, облыстық, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарында жалпы 190 мақала жарық көрді; ғаламтордағы көптілді халықаралық сайт ВКонтакте немесе VK әлеуметтік желісінде https://vk.com/enbekshikazakh.maslihat адресі бойынша Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты ақпараттық интернет – ресурс парақшасында 1600-ден астам ақпараттық материалдар жарияланды.

         . Сондай-ақ, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының ресми сайты ашылып, қолданысқа берілді.

        6. МӘСЛИХАТ ҚЫЗМЕТІНІҢ ЖАРИЯЛЫЛЫҒЫ

        Өкілетті органның қызметі ашық және айқын режимде жүргізіліп, барлық іс-шаралары ашық түрде өткізіледі

     Аудандық мәслихаттың сессия жұмысына аудан әкімі мен оның орынбасарлары, мекемелері, кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың басшылары тұрақты түрде қатысады, сондай-ақ  саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, ауданның үкіметтік емес ұйымдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне тұрақты негізде алдын ала хабарланады.

       Көшпелі форматты өткізілетін тұрақты комиссия отырыстары мен тыңдауларға, сессияларға тиісті аумақтың активі, жергілікті қауымдастық мүшелері, тұрғындар міндетті түрде шақырылады.

         Басты басымдылық жариялылыққа беріледі. Халықтың жедел ақпарат алу үшін аудандық газет пен интернет-ресурстары арқылы сессияның өтетін күні мен сессияның күн тәртібін, кездесулердің кестесі туралы  хабарламалар ғана емес, сонымен бірге аудан тұрғындарына  дайындық жұмыстарына белсене қатысу туралы үндеу де жариялануда.

Қадірменді көпшілік!

      Халықтың қалаулысы болу аса жоғары жауапкершілік екенін біз жақсы түсінеміз. Сондықтан бүгінгі 6-шақырылым мәслихатының барлық бағдарлы қызметі тұрғындардың сенімін ақтап,  халық пен билік арасындағы «алтын көпір» деген атқа лайықты болуға бағытталып отыр.

       Атқарылған жұмыс туралы бүгінгі есеп - бұл алтыншы шақырудың өткен кезеңінде аудандық мәслихат жұмысының кейбір қорытындыларын шығару ғана емес, сондай - ақ келешекке жоспарларды белгілеудің жақсы себебіне айналып отыр.

       Көп жұмыс атқарылды, бірақ алда да  істелінетін істер мол. Жұмысымыздың жағымды жақтарынан басқа, кемшіліктеріміз де бар, оларды біз  дер  кезінде  жетілдіріп және жақсарту бойынша тиісті шаралар  қабылдануда.

       «Ел бірлігі – еңбек жемісі» - деп дана халқымыз айтпақшы, Сөзімді қорытындылай келе алдағы уақытта халықтың сын – ескертпелеріне, ұсыныс – пікірлеріне сәйкес нақты жұмыстар атқарылатындығын айтқым келеді.

    Олай болса, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс,  туған еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын үлкен істе баршаңызға қажымас қайрат пен бақ-береке тілеймін.

         Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 2017 жылы атқарған жұмысы туралы мәслихат хатшысы Б.Ахметовтың есебінің тезистері

                                                                                                                         2018 жыл, ақпан

Құрметті әріптестер!

Ардақты ағайын!

 

      Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған экономикалық және саяси реформалар, мемлекеттік жаңа индустриаландыру бағдарламалары мен өзге де дағдарысқа қарсы шаралар аудан экономикасын дамытуда оң көрсеткіштерге қол жеткізуге жол ашты.

            «Еңбегің өнімді болса, көңілің сенімді болар» демекші,  бүгін 2017 жылды қорытындылай келе, біз толық жауапкершілікпен аудандық депутаттық корпустың назарындағы мәслихат қызметін іске асырумен байланысты бағытты жұмыстар маңызды, іргелі, әрі нәтижелі істермен айшықталып, әлеуметтік-экономикалық маңызды жобалар жүзеге асырылған үлкен жетістіктер мен серпінді дамудың оң көрсеткіштеріне ие болғанын жауапкершілікпен айта аламын.

     Олай болса, аудандық мәслихаттың регламенті негізінде назарларыңызға мәслихат хатшысының халық алдындағы есебін, яғни аудандық мәслихаттың 2017 жылы атқарған жұмысы туралы  есебін ұсынамын.

1. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 6-шақырылымының сапалық құрамы

      Аудандық Мәслихаттың, оның депутаттарының арқалар жүгі, атқарар міндеті аз емесі белгілі. 2016 жылы 20 наурызда өткен саяси науқанда өздеріңіз артқан сенімді арқалап, жергілікті өкілді билік органы болып табылатын аудандық мәслихаттың 6-шақырылымының депутаты атанған 23 азамат өз өкілеттіктерін жүзеге асыру үшін ілкімді істердің тамырына бойлап, сыбана еңбек етуде. 23 депутаттың 8-і (34,8%) бұрын аудандық мәслихаттың әр түрлі шақырылымдарында сайланған, олардың  жылдар бойғы жинақталған тәжірибесі депутаттық корпус қызметінің айтарлықтай тиімділігін арттыруда.

      Жалпы Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың 6 - шақырылымының құрамы 65,2 пайызға жаңартылды, 20 депутаттың жоғарғы (86,9%), 3 депутаттың орта арнаулы (13,1%) білімі бар. Депутаттық корпустың 47,8 %-ын (11 адам) ауданымыздың экономикасына үлес қосып жүрген кәсіпкерлер, 30,4%-ын (6 адам), мемлекеттік мекеме басшылары, 8,7 %-ын (2 адам) мекеме басшыларының орынбасарлары, 13% -ын (3 адам) өзге сала өкілдері құрайды. Гендерлік құрамы  бойынша 82,6 пайызы (19) ерлер, 17,4 пайызы (4) әйел азаматшалардан тұрады.  Ұлттық құрамы бойынша: қазақтар -17 (73,9%), ал өзге ұлт өкілдерінің үлесі 26,1 % – яғни 6 адам.

Құрметті ағайын!

            Дана халқымыздың «Адамның өскені әрбір өткен жылымен, шаһардың өскені әз-халықтың санымен бағаланады» деген сөзіне сай, өткенді саралап, алдыға ой салып, мәслихаттың бағындырған межелерін бағамдап алайық.

2. МӘСЛИХАТ СЕССИЯСЫ

      Заңға сәйкес мәслихаттардың қызметінің негізгі нысаны сессия болып табылады және дәл сессия арқылы біз атқарушы органдармен бірлесе отырып, Елбасымен белгіленген міндеттердің, бағдарламалардың іске асырырылуы мен орындалуын қарастырып, көзделген межелерге қол жеткізе аламыз.

      Сессияларға депутаттардың орташа қатысуы қазір 86,9% құрап отыр.

      2017 жылы аудандық мәслихат өз өкілеттілігінің шегінде 12 сессия (2016 жылы - 11, жалпы 23) өткізіп, 53 шешім  (2016 жылы - 59, жалпы 112 шешім) қабылдады.

   Сессиялық қызмет барысында бюджетті қалыптастыру, оның орындалуы, өзгерістер мен қосымшалар енгізу мәселелеріне көп көңіл бөлінді. Есепті кезеңде осы бағытта - 7 шешім қарастырылған.

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18-қаңтардағы № 19 «Әкімдердің мәслихаттар алдында есеп беруін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес 1 рет аудан әкімінің, 3 рет ауылдық округ (Балтабай, Түрген, Асы) әкімдерінің есебі тыңдалды.

    Сондай-ақ, Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының аудандық бюджеттің игерілуі мен  орындалуы туралы  есебі 1 рет, жергілікті полиция қызметі бастығының есебі 2 рет, ауданымыздың саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени дамуына негізделген тиісті салалық бағдарламалардың орындалуы туралы аудан әкімінің орынбасарларының, мекеме, бөлім, басқарма басшыларының есептері 6 рет қаралды.

      Бұдан бөлек аудан әкімінің ұсыныс хатына сәйкес аудандық мәслихаттың өкілеттігіне жататын өзге де бағыттар да бар. Олардың қатарында ономастика бойынша 9 бірлескен қаулы мен шешім, Еңбекшіқазақ ауданының 2016-2020 жылдарға арналған даму бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы 2, ведомствоаралық сипаттағы мәселелер бойынша әкімдік жанындағы консультациялық-кеңесші органдардың дербес құрамын бекіту және өзгертулер енгізу туралы 7 және өзге де әртүрлі маңызды мәселелерді қарастыра отырып 16 шешім қабылданды.

  «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, құқықтық нормаларын  белгілейтін,  сессияның 15 шешімі (2016 жылы - 8, жалпы 23) әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді өтті және мемлекеттік нөмірі беріліп, Республикалық құқықтық ақпарат орталығы арқылы нормативтік құқықтық актілерінің Мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінің жүйесіне енгізілді.     

 Заң талабына сәйкес 8 (сегіз) нормативтік құқықтық акті ретінде тіркелген шешімнің күші жойылып, қолданыстан шығарылды. Жалпы бүгінгі таңда қолданыста мәслихат тарапынан қабылданған 28 нормативтік құқықтық акті бар.

  Есепті мерзім ішінде, яғни аудандық мәслихаттың 2017 жылғы 22 желтоқсандағы кезектен тыс ХХІ сессиясында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1 тармағы 12-1) тармақшасына сәйкес және аудан әкімінің ұсынысының негізінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 26 жылдығына орай ауданымыздың қоғамдық өміріне белсенді араласып, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуына қосқан елеулі үлесі үшін 10 азаматқа «Еңбекшіқазақ ауданының құрметті азаматы» атағы берілді.

           3. Мәслихаттың тұрақты комиссиялары

       «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 1-тармағына сәйкес мәслихат өзінің өкілеттік мерзіміне 4 тұрақты комиссия құрды:

        1) «Әлеуметтік салаларды дамыту мен заңдылық, құқықтық тәртіп, қоғамдық келісім, жергілікті мемлекеттік және өзін – өзі басқару жөніндегі» тұрақты комиссия. Құрамына жалпы 6 депутат бекітілген. Төрайымы Егенбаев Гульсара Калиевна. Есепті кезеңде комиссияның бағытына сәйкес жалпы 9 сала бойынша 11 есеп тыңдалып, оның 1-уі қанағаттандырылмады. Ол аудандық білім бөлімі.

      2) «Экономика, бюджет және қаржы мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссия. Құрамында 5 депутат. Төрағасы Байғоджаев Қуат Сұлтанович. Комиссияның бағытына сәйкес 3 сала бойынша 10 есеп қаралды.

     3) «Агроөнеркәсіп, шағын  және орта бизнес пен іскерлік белсенділікті қолдау, индустриалды -инновациялық даму мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссия. Құрамында 6 депутат бар. Төрағасы Рустамбеков Айдар Омарханович. Комиссияның бағыты бойынша 5 бөлімнің қызметіне сәйкес 9 есеп қаралды.

    4) «Энергетика мен жалпы инфрақұрылымды дамыту және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссия. Құрамында 5 депутат бекітілген. Төрағасы Қырқынбаев Сейтхан Есенбайұлы. Негізгі бағытына сәйкес 6 бөлімнің қызметі бойынша 10 есеп қаралды.

    Әрбір комиссия тек бір ғана бағытта кешенді түрде жұмыс жасайды. Олардың міндеті – сол ауқымдағы салаларды толық қамти отырып, нақты түйіткілді мәселелердің шешімін табуды жолға қою.  

      Аталған комиссиялардың отырыстарында сессиялардың қарауына енгізілетін мәселелерді алдын ала қарау, мәслихат шешімдерінің  іске асуына және бақылау функцияларын жүзеге асыру ғана емес, жергілікті атқарушы органдардың жұмысының тиімділігі мен олардың деңгейін анықтауға бағытталған есептері сараланып, мониторингтен өткізілді.

        Бұл бағытта 2017 жылы 4 көшпелі кеңейтілген көпшілік тыңдау отырысы өткізіліп, Есік қаласы мен ауылдық округтердің хабарламалары талданды.

      Сондай-ақ, ауданымыздан сайланған облыстық мәслихат депутаттары өздерінің келісімдері бойынша жаңадан құрылған тұрақты комиссияларға қосымша бақылаушы ретінде бекітілді.

      Сондықтанда комиссияларда көтерілген әрбір мәселені шешу күрделілігіне қарай аудан деңгейінде ғана емес, облыс деңгейінде де депуттаттар тарапынан сауалдар жолдануда.

      Жалпы 2017 жылы тұрақты комиссиялардың 10 отырысы (оның ішінде 4 көшпелі, 5 біріккен және 1 жеке) өткізілді. Онда 40 мәселе қарастырылып, 62 есеп тыңдалды. Қабылданған қаулылардың орындалу үлесі 72,7 пайыз.

   Комиссия отырыстарындағы ашықтық, депутат пен тұрғындар арасындағы тығыз байланыс, көшпелі комиссия отырыстары бәрі үлкен ізденіс пен толымды тәжірибенің тоғысуынантуындап отырған өзгерістер.

4. Депутаттық корпустың жұмысы

      1. Депутаттардың жұмысындағы ең  маңыздысы, олардың сайлау округтерінде орындаған тиімді жұмыстары болып табылады.        

      Сондықтан аудандық мәслихат депутаттары депутаттық өкілеттіктерін жүзеге асыру мақсатында өздері сайланған округтер мен қызмет орындарында  және «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратында белгіленген кестеге сәйкес сайлаушыларды қабылдайды. Қабылдау мерзімі ауданның бұқаралық ақпарат құралдары беттерінде жарияланып, сайлау учаскелерінде қабылдау кестесі жасалып ілінген. 

    Есепті мерзім ішінде депутаттардың сайлаушыларды қабылдауы барысында барлығы 133  өтініш түсіп, олар депутаттар арқылы аудандық мәслихат сессияларында, тұрақты комиссиялар отырыстарында, депутаттық сауалдар арқылы шешімін табуда. Сайлаушылардың ұсыныс-пікірлері мен талап тілектерінің 66,9 пайызы немесе 78-і орындалды.

      Аудандық мәслихат депутаттарының жыл сайын ашық есік күнін өткізу дәстүрге айналды. 2017 жылы бұл бағыттағы 6 шара өткізілді. Сондай-ақ, депутаттардың сайлауалды бағдарламаларының жүзеге асырылуы мен орындалуы аудандық мәслихат аппараттының үнемі назарында.

   2. Аудандық мәслихаттағы «Нұр Отан» депутаттық фракциясы. Депутаттардың көпшілігі, «Нұр Отан» партиясының мүшелері (22 адам). Сондықтан, фракцияның қызметін ұйымдастыру аудандық партия филиалы мен тікелей төрағаның бірінші орынбасары Байғоджаев Қуат Сұлтанұлына бекітілген.     

      2017 жылы «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында 132 қабылдау өткізіліп, 118 ұсыныс түскен, оның 45-і шешімін тапты.

     Тоқтала кететін жайт, «Нұр Отан» партиясының Қоғамдық қабылдау бөлмелері жұртшылықпен арадағы үздіксіз байланысты қамтамасыз ететін бірден-бір көпір болып табылады.

      Сондықтан, «Нұр Отан» қабылдау бөлмелерінің жұмысының тиімділігі мен жүйелілігі және жұмыс тәсілін оңтайлы ұйымдастыру сипаты басты назарға алынуы қажет.

      3. Есептік кездесулер, ақпараттық жұмыс және депутаттық сауал.

           «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 9-бабына сәйкес, аудандық мәслихат хатшысы мен депутаттары  аудандағы сайлау округтерінде 2017 жылы 23 есеп беру кездесулері өткізіліп, 1175 адам қатысып, 182 сұрақ келіп түсті. Оның  117-не сол жерде жауап беріліп, ал қалған сұрақтарға түсінік беру үшін, сәйкес бағытта жұмыс істейтін органдарға жіберіліп, тұрақты бақылауға алынған.

 

      Бұдан бөлек 2017 жылы барлығы 52 елді мекенді аралап, Есік қаласы мен 25 ауылдық округте 26 кездесу өткізілді. Кездесулердің барысында тұрғындар тарапынан (жеке сұрақтарды қоспағанда) түскен 128 ұсыныс – пікірлердің іс-шарасы жасалып, орындалуы үшін тиісті органдарға жолданды және орындалуы тұрақты бақылауға алынды

       Нәтижесінде айтылған ұсыныс-пікірлердің  32-сі толық шешімін тауып, 47-і  алдағы жылдардың жоспарларына енгізілген және жоспарға енгізуге ұсыныс жасалған, 49-на тиісті заңнама талаптарына сәйкес түсіндіру жұмыстары  жүргізілді.

    Депутаттардың белсенділігінің тиімділігін көтеретін формалардың бірі, олардың жергілікті баспасөз қызметімен тұрақты байланыста болуы. Ағымдағы жылы аудандық, облыстық, республикалық бұқаралық ақпарат құралдарының басылымдарында жалпы 130-дан астам ақпараттық материалдар, оның ішінде 13 сұхбат, 11 мәслихат аппаратының ақпараты, 19 сессия мен тұрақты комиссия туралы, 56 депутаттық мақалалар жарияланды.

     Сондай-ақ, мәслихат депутаты ресми жазбаша сауалмен әкiмге, тиiстi аумақтық сайлау комиссиясының төрағасына және мүшесiне, прокурорға және орталық мемлекеттiк органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың лауазымды адамдарына мәслихат құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша жүгiнуге құқылы.

       Сондықтан, депутаттық қызметті жүзеге асыру шеңберінде үлкен, әр қырынан келуді талап ететін мәселелер бойынша біздің тарапымыздан депутаттық сауал жолдау құқығы барынша пайдаланылып келеді. Есепті кезеңде  түрлі бағытта 11 депутаттық сауал жолданды. Дегенмен, жауапты мекемелер мен лауазымды тұлғалардың тарапынан депутаттық сауалға жауап беру кезінде салғырттық таныту жиі орын алуда.

     Сол себепті, депутаттық сауалдың орындалуына бақылау қоюдың бірден бір тиімді түрі, олардың атқарған жұмыстары туралы есептерін тыңдау мен тиісті жауапкершілікке тарту туралы шаралар қолдану болып табылады. Бұл ағымдағы 2018 жылы өз нәтижесін беретіндігі сөзсіз. Бұл тұрғыдан атқарушы органдар қажетті ақпаратты ұсынар алдында қандай да бір мәселені алдын ала, егжей-тегжейлі зерделеулері тиіс екендігін ескертемін.

      5. Мәслихат қызметінің жариялылығы

      Өкілетті органның қызметі ашық және айқын режимде жүргізіліп, барлық іс-шаралары ашық түрде өткізіледі.

      Аудандық мәслихаттың сессия жұмысына аудан әкімі мен оның орынбасарлары, мекемелері, кәсіпорындар мен мемлекеттік органдардың басшылары тұрақты түрде қатысады, сондай-ақ  саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, ауданның үкіметтік емес ұйымдарының және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне тұрақты негізде алдын ала хабарланады.

    Көшпелі форматты өткізілетін тұрақты комиссия отырыстары мен тыңдауларға, сессияларға тиісті аумақтың активі, жергілікті қауымдастық мүшелері, тұрғындар міндетті түрде шақырылады.

    Басты басымдылық жариялылыққа беріледі. Халықтың жедел ақпарат алу үшін аудандық газет пен интернет-ресурстары арқылы сессияның өтетін күні мен сессияның күн тәртібін, кездесулердің кестесі туралы  хабарламалар ғана емес, сонымен бірге аудан тұрғындарына  дайындық жұмыстарына белсене қатысу туралы үндеу де жариялануда.

6. Мемлекеттік бағдарламаларды ақпараттық қолдау

      Аудандық мәслихат депутаттары – Елбасы саясатының белсенді таратушылары  және аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан игілікті іс-шараларға белсене араласып, ауданның атқарушы және жергілікті қоғамдық ұйымдармен бірлесе отырып, ел алдына ауқымды міндеттер қойған Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауының, «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам» – Ұлт жоспарының, «Рухани жаңғыру», «Жұмыспен қамту - 2020», «Дипломмен - ауылға», «Бизнестің жол қартасы 2020» және басқа да стратегиялық сипаттағы бағдарламалық құжаттардың жүзеге асырылуына өзіндік үлестерін қосуда.

     Аудандық мәслихаттың ақпараттық жұмыс тобының мүшелері ретінде олар есепті кезеңде 30-дан астам кездесу өткізіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

      Жыл ішінде депутаттар тарапынан 8,2 млн. теңге  мөлшерінде өз қаражаттарынан аудан тұрғындарына көмек көрсетілді.

      Бұдан бөлек депутаттар әкімдердің халықпен кездесуіне белсенді қатысушы, атқарушы органдардың кеңестері мен консультативтік - кеңесші органдарының мүшесі болып табылады. Бұның бәрі өзара ақпарат алысуды жақсартуға, туындаған проблемалар бойынша шешімдер табуға мүмкіндік берді.

7. САЙЛАУ

     - 2017 жылғы 12 шілдеде өткізілген Еңбекшіқазақ ауданы Балтабай ауылдық округінің әкімінің сайлауына 22 - депутаттың 21 қатысып, сайлауға қатысушы 4 үміткердің ішінен, Мықыбаев Жұман Сембайұлы сайланды.

      -  Еңбекшіқазақ ауданы бойынша Есік қаласы, Ақши, Асы, Бартоғай, Бәйдібек би, Бәйтерек, Көктөбе, Қазақстан, Қаражота, Қаракемер, Қаратұрық, Масақ, Рахат, Ташкенсаз, Тескенсу, Түрген ауылдық округтері әкімдерін сайлау 2017 жылғы 8 тамызында  өтіп, 48 үміткердің 16-сы сайланды.

      - 2017 жылғы 08 қарашада өткізілген Еңбекшіқазақ ауданы Саймасай ауылдық округінің әкімін сайлауға 23 - депутаттың 21 қатысып, сайлауға қатысушы 3 үміткердің ішінен, Мейрамқұлов Мухамед – Али Сәбитұлы сайланды.

      2019 жылғы 18 сәуірде Еңбекшіқазақ аудандық аумақтық, округтік және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерінің (2014 жылғы 18 сәуірдегі 31 сессияда сайланған) «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 10 бабының  3-тармағына сәйкес өкілеттiк мерзiмi (5 жыл) аяқталатындығын назарларыңызға саламын.

           8. Мәслихат аппараты.     

       Аудандық мәслихат аппаратында мемлекеттік органдармен, лауазымды  адамдармен ақпарат алмасу «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Есепті мерзім ішінде аудандық мәслихатқа жеке азаматтардан 4 арыз бен өтініш түсті. Түскен өтініштер тұрғын үй, жер учаскесін сұрау, балабақшалардағы балаларды тамақтандыру талаптарын сақтау, жеке отбасылық мәселеге байланысты.

       Арыз, өтініш иелерінің талап-тілектері «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» ҚР Заңына сәйкес орындаушы органдарға немесе арыз, өтініште көрсетілген мәселелерді шешу құзіретіне кіретін субъектіге немесе лауазымды тұлғаға жолданып, жауабының тиісті мерзімде  қайтарылуы бақылауға алынды.

      Мәслихат хатшысы ретінде мен күн сайын сайлаушылардың жеке сауалдары бойынша қабылдау жүргіземін. Есеп беру кезеңінде 175 адам қабылдауда болып, 133 сауал қойылып, барлығына жауап берілді.

      Аудандық мәслихат  аппаратында қызметтік құжаттардың қаралауы мен өтуі,  ақпарат алмасулар тиісті заң талабына сәйкес жүзеге асырылады. Есепті мерзім ішінде аудандық мәслихатқа барлығы 148 құжат кірістеліп, 214 құжат шығысталды.

      Бүгінгі таңда аппаратта 5  мемлекеттік қызметкер бар.  Олардың барлығы 2017 жылдың бірінші жартыжылдығында өткен «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілері атқаратын қызметінің санатына байланысты үш кезеңнен тұратын кешенді аттестаттауға қатысқан болатын.

 Бұл тұрғыдан аудандық мәслихат аппаратының мемлекеттік қызметшілері тестілеу барысында да, әңгімелесу барысында да жақсы нәтижелер көрсетіп, аттестаттаудан сәтті өтті.

  Мамандардың әрқайсысы тұрақты комиссиялар құрамындағы депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруына көмек көрсетеді. Сессиялар мен тұрақты комиссиялар отырыстарының  құжаттарын әзірлейді. Депутаттардың сайлау алды бағдарламаларының орындалуын, депутат өкілеттігінің жүзеге асырылуын  назарда ұстайды.

Қадірменді көпшілік!

  Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың  «Жаңа саяси жүйеде мәслихаттардың табиғаты өзгереді.Олар атқарушы билікке қосалқы болмайды. Азаматтық қоғамның сұраныстарын  алға жетелейтін биліктің дербес тармағы болады» деген. Халықтың қалаулысы болу аса жоғары жауапкершілік екенін біз жақсы түсінеміз. Сондықтан бүгінгі 6-шақырылым мәслихатының барлық бағдарлы қызметі тұрғындардың сенімін ақтап,  халық пен билік арасындағы «алтын көпір» деген атқа лайықты болуға бағытталып отыр. Атқарылған жұмыс туралы бүгінгі есеп - бұл алтыншы шақырудың өткен кезеңінде аудандық мәслихат жұмысының кейбір қорытындыларын шығару ғана емес, сондай - ақ келешекке жоспарларды белгілеудің жақсы себебіне айналып отыр.

           Көп жұмыс атқарылды, бірақ алда да  істелінетін істер мол. Жұмысымыздың жағымды жақтарынан басқа, кемшіліктеріміз де бар, оларды біз  дер  кезінде  жетілдіріп және жақсарту бойынша тиісті шаралар  қабылдануда.

      Сөзімді қорытындылай келе алдағы уақытта халықтың сын – ескертпелеріне, ұсыныс – пікірлеріне сәйкес нақты жұмыстар атқарылатындығын айтқым келеді.

      Олай болса, баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге толағай табыс,  туған еліміздің бағын асыратын, мерейін тасытатын үлкен істе баршаңызға қажымас қайрат пен бақ-береке тілеймін.

      Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 

Дайындаған аудандық мәслихат аппаратының бас  маманы Б.Сатыбалдиев