Мәслихат тарихы

Мәслихат тарихы

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫ:  ҚАЛЫПТАСУ, ӨСУ, ӨРКЕНДЕУ ЖЫЛДАРЫ

Қазақстан Республикасы өз Тәуелсіздігін алған алғашқы жылдары еліміздің  даму бағытын айқындайтын, қоғамдық қатынастарды жүзеге асыратын сан салалы Заңдар дүниеге келді.  Солардың бірі 1993 жылғы 10 желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» №4100 Заңы болатын. Осы Заңды негізге ала отырып, 1994 жылы елімізде тұңғыш рет мәслихаттар институты енгізілді.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңына сәйкес өткізілген сайлау қорытындысымен әкімшілік-аумақта тұратын 25 азамат (бұрынғы Шелек ауданын қосқанда 53 депутат) 5 жыл мерзімге аудандық Мәслихат – Депутаттар жиналысының депутаты болып сайланды. 1994 жылғы 7 наурызда өткен бірінші шақырылған аудандық Мәслихат – Депутаттар жиналысының І сессиясында   оның құрылымы мен ұйымдық негіздері қаланды.

1-ші шақырылған аудандық мәслихаттың жұмысы еліміздегі қайта құрулармен, атқару және өкілді органдардың жаңа құрылымдарын қалыптастыру кезеңіңе тұстас болды. Мәслихат депутаттары аудан бюджетінің тиімді және мақсатты жұмсалуын қадағалау, аудан халқын әлеуметтік қорғау бағдарламаларының орындалуын бақылау, шаруа қожалықтары мен шағын кәсіпкерлікті дамыту және басқа да көптеген өзекті мәселелерді ауданның атқарушы органымен бірлесіп атқарды.

1       Абдрасулов Полат Садыкович

2       Айсабаев Сеилхан

3       Адилова Шахинур Садыковна

4       Алимжанов Аблай

5       Алимжанов Сакен

6       Аширов Анварбек

7       Бабыкбаев Толеген Ешенгалиевич

8       Байжолданов Бекен

9       Бекбосынов Мырзахан

10     Бектенов Тауекель

11     Брусков Николай

12     Брушкевич Земфира Михайловна

13     Булатов Акан Екешевич

14     Ваисов Нурмухамбет Серикбаевич

15     Воробьев Алексей

16     Даулетбакова Бахытгуль Тойганбаевна

17     Дауткулов Аянбек

18     Егизеков Мурат Рыскельдиевич

19     Жазыкбеков Турсунбай

20     Жамалов Ташполат Жамалович

21     Жилкибеков Казыбай Тлешович

22     Жошибаева Гульнар Сагатовна

23     Жунусов Канатбек

24     Ибрагимов Нурахмет

25     Ибраев Тлеубай Отарбекович

26     Ибраимов Ракымгали

27     Идельбаева Сара Имангалиевна

28     Кабанов Дорофей Порфирьеивч

29     Каирлапов Мирас Уразович

30     Калиев Руслан Абдибекович

31     Касымов Мусалим

32     Качиев Сайраб

33     Кенжебаев Сыдык Тулеевич

34     Кыдырбаев Болат

35     Лаврентьев Александр

36     Макашев Шаймагамбет

37     Малгаждаров Ашимтай Сексенбаевич

38     Маметьярова Гули

39     Мусин Аманжол

40     Поплавская Валентина

41     Рымашевский Анатолий Викентьевич

42     Сабанчиев Багжан Кожанович

43     Саттаров Дамир Авутович

44     Сейсебеков Кайрат Сейсебекович

45     Сексенбаев Кенжехан

46     Смурыгин Александр

47     Талкамбаев Адильбай Айнабекович

48     Турлыбеков Байузак Касымбекович

49     Турганов Нурамбек Исраилович

50     Тургумбаев Жоламан Сметович

51     Филатов Юрий Петрович

52     Хайбуллаев Сайид

53     Хуршудов Нури Абдуллаевич

Бірінші шақырылған аудандық Мәслихат – Депутаттар жиналысы  атқарушы органмен бірлесе отырып, ауданның әлеуметтік және даму бағдарламаларының орындалуын, Қазақстан Республикасы Конституциясының   заңдарын, Жоғарғы Кеңес қаулыларын, Қазақстан Республикасының Президенті мен Министрлер Кабинетінің құжаттарының, мәслихаттар– Депутаттар жиналыстары мен әкімдердің өз құзіреті шегінде қабылдаған шешімдерінің орындалуын,жергілікті өкімет орындары арасындағы байланысты, халықты жергілікті істерді басқаруға қатыстыруды қамтамасыз етті. Ел тәуелсіздігінің алғашқы жылдарында өз өкілеттігін жүзеге асырған аудандық Мәслихат – Депутаттар жиналысы  экономиканы қайта қалпына келтіру, оны жаңаша даму жолына түсіріп, ел дамуының жаңа бағыттарын айқындауға елеулі үлес қосты.  1997 жылғы «Қазақстан – 2030» Стратегиясында және 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспарда белгіленген басты мақсаттар мен міндеттердің қисынды түрде жүзеге  асуына ықпал етті. Жаңаша даму жолына түскен демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің негізін қаласты. Ең бастысы өз сайлаушылары арқылы халықтың Қазақстанның болашағына  деген  сенімін арттырды.

Аудандық Мәслихат – Депутаттар жиналысының сессияларында ауданды өркендетудің жоспарларын, экономикалық және әлеуметтік бағдарламаларын, аудан бюджеті мен оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды  бекітіп,  орындалуын назарға алып, өз құзіреті шегінде өзге де өкілеттіктерді абыроймен жүзеге асыра білді.  «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Қазақстан Республикасы  Заңына сәйкес  аудандық Мәслихаттың  бірінші шақырылымы 1999 жылдың  қазан айында  өз өкілеттігін тоқтатты.

Тиісті заңдылықтарға сәйкес  1999 жылдың қазан айында аудандық Мәслихаттың екінші шақырылымы өз жұмысын бастады. Аудандық Мәслихаттың І сессиясында ұйымдастыру мәселелері қаралып,  аудандық Мәслихатқа сайланған 23 депутаттың қолдауымен аудандық Мәслихаттың хатшысы, тексеру комиссиясының  төрағасы және аудандық Мәслихат жанындағы тұрақты комиссиялардың төрағалары мен мүшелері сайланды

 

1       Асенов Маукен

2       Бабыкбаев Толеген Ешенгалиевич

3       Байшыгашев Саймасай Омиржанович

4       Бизаков Орынтай Макатаевич

5       Бочаров Владимир Николаевич

6       Буланбаева Кайрия

7       Газиева Адалят Усенжановна

8       Дюсембаева Калия Сейсенбаевна

9       Ешенгалиев Габиден Хамитович

10     Жошибаева Гульнар Сагатовна

11     Жумабеков Алим Байзакович

12     Ибраимов Рахымгали

13     Исмаилов Васип Юсуфович

14     Каримов Иминжан Турдахунович

15     Кенжебаев Сыдык Тулеевич

16     Лулудова Галина Федоровна

17     Поплавская Валентина Ивановна

18     Сабиров Сайпуллам

19     Садыров Турсун Ушурович

20     Саядянц Рубен Артаваздович

21     Сексенбаев Кенжехан Мусинович

22     Сейсебеков Кайрат Сейсебекович

23     Талкамбаев Адильбай Айнабекович

2001 жылғы 23 қаңтарда «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» № 148-ІІ Қазақстан Республикасы Заңы  қабылданды. Аталмыш Заң өкілді орган – Мәслихаттардың  құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуын, тәртібін, депутаттардың құқықтық жағдайын айқын белгілеп  берді. Бұл Заң бойынша өкілді орган – Мәслихат депутаты мемлекеттік мүдделерді ескере отырып, тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністегі халықтың еркін білдіретін, аудан халқы сайлайтын, Қазақстан Республикасы Заңдарына  сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды белгілейтін және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган болып табылды. Заң талабына сәйкес өкілді органның да, оның депутаттарының да өкілеттік шеңбері кеңейді.  Халық қалаулылары  сайлаушылардың талап-тілегін, ұсыныс-пікірлерін басшылыққа ала отырып, халықтың әл-ауқатының жақсаруына, экономикалық әлеуетінің көтерілуіне өз үлестерін қосты. Ел Тәуелсіздігінің екінші онжылдығын жаңаша өсу, өрлеу, өркендеу жолымен бастаған аудандық Мәслихат депутаттары  аудандық мәслихат сессиялары мен тұрақты комиссиялар отырыстарында Заң талабына сәйкес өз құзыретіндегі мәселелерді  асқан байыптылықпен қарап, өміршең шешімдер қабылдауға бет бұрды. Ел өміріндегі оң өзгерістерді,  Елбасы  Жолдауларын қолдай отырып, ХХІ ғасырдың  алғашқы онжылдығына белгіленген  міндеттерді шешуге белсенді түрде қатысты.

Аудандық Мәслихаттың екінші шақырылым депутаттары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес 4 жыл мерзімге сайланып, өз өкілеттіктерін 2003 жылғы қазан айында аяқтады. 

Аудандық Мәслихаттың үшінші шақырылым депутаттары  өз өкілеттіктерін  2003 жылғы қазанда бастады. 

Осы сессияда аудандық Мәслихаттың басым көпшілігін құрайтын депутаттарын біріктірген «Отан» Республикалық саяси партиясы қоғамдық бірлестігінің  депутаттық тобы тіркелді. Уақыт алға жылжыған сайын өкілді орган – аудандық Мәслихат қызметінде жаңаша серпін, соны бетбұрыстар пайда болды.  Заң талабына сәйкес тұрақты комиссиялардың жұмысы  жаңаша бағыт алып, сессияларда қаралатын мәселелердің ауқымы кеңейді. Аудандық Мәслихат және оның депутаттарының жұмысы жаңаша сипатқа ие болып, шын мәніндегі демократиялық сипатқа ие болды.

Ахметжанов Хайролла Касымович

Байшыгашев Саймасай Омиржанович

Буланбаева Кайрия

Бультаева Шара Абильдаевна

Волокитин Виктор Иванович

Газиева Адалят Усенжановна

Дюсембаева Калия Сейсенбаевна

Жексебекова Гульжанат Абыхановна

Желеуов Жакып Нурдаулетович

Жошибаева Гульнар Сагатовна

Жилкибеков Казыбай

Жунусов Канатбек

Илиев Тугулук Махпирович

Исмаилов Васип Юсуфович

Лулудова Галина Федоровна

Мыкыбаев Жуман Сембаевич

Примкулова Аминахан Бабахановна

Салманов Искакбек Тузельбаевич

Саядянц Рубен Артаваздович

Сейсебеков Кайратбек Сейсебекович

Сексембаев Кенжехан Мусинович

Смагулов Сейсехан Сабырханович

Талкамбаев Адильбай Айнабекович

Шарипбаев Дамир Туякбаевич

Мәслихат сессиялары мен тұрақты комиссияларына ұсынылған мәселелер бойынша көпшіліктік тыңдаулар өткізу дәстүрге енді. Әрбір сессия алдында депутаттардың сайлаушылармен кездесуі ұйымдастырылып, олардың ұсыныс-пікірлерін жинақтау дәстүрге енді.   «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңына  енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес 2005 жылдың қаңтар айынан бастап аудандық Мәслихат аппараты құрылып, аппарат басшылығына «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес Мемлекеттік қызмет істер Агенттігінің келісімімен аппарат басшысы тағайындалды.  Мәслихат аппараты Мәслихат пен оның органдарының ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық  қамтамасыз етуді жүзеге асырды. Депутаттарға өз өкілеттіктерін жүзеге асыруға көмек көрсетті. Аудандық Мәслихаттың  үшінші  шақырылымы 2007 жылдың тамыз айында өз өкілеттігін тоқтатты. 

2007 жылдың 18 тамызындағы өткен Қазақстан Республикасы аудандық мәслихаты депутаттарын сайлаудың қортындысынан кейін, 27–ші тамызында аудандық мәслихатының кезекті ІҮ-шақырылған І сессиясы өз жұмысын жалғастырды. Депутаттық корпус құрамы түрлі саладағы мамандық иелері. Сайланған 23 депутат түгелдей өмірлік тәжірибесі бар, сайлаушылар ұсынысы мен талап-тілегін  байыппен жүзеге асыра білетін  салиқалы азаматтар. Төртінші шақырылған аудандық Мәслихат өкілеттілігі басталғалы сессиялар мен тұрақты комиссиялар отырыстарында  келелі  мәселелер қаралып,  өміршең  шешімдер  қабылдауға  қол жеткізілді.

Амиркулов Ерлан Жамансариевич

Байшыгашев Саймасай Омиржанович

Буланбаева Кайрия

Бультаева Шара Абильдаевна

Газиева Адалят Усенжановна

Джунисбаев Джаркын Джазылбаевич

Дюсембаева Калия Сейсенбаевна

Желеуов Жакып Нурдаулетович

Жилкибеков Казыбай

Жумабеков Алим Байзакович

Илиев Тугулук Махпирович

Исаев Лема

Исмаилов Васип Юсуфович

Калиев Руслан Абдибекович

Косжан Турсын Жуанышулы

Кыркынбаев Сейтхан Есенбаевич

Лулудова Галина Федоровна

Муканов Бахтыгали

Мыкыбаев Жуман Сембаевич

Салманов Искакбек Тузельбаевич

Смагулов Сейсехан Сабырханович

Стамбеков Шаяхмет Аугамбаевич

Талкамбаев Адильбай Айнабекович

Тасирова Улбосын Рахимовна

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев 2005 жылғы 18 ақпандағы Қазақстан халқына арнаған жолдауында «Мәслихаттардың бақылау өкілеттіктерін кеңейтуді қарастыру қажет. Бұл мемлекеттік билік жүйесін орталықсыздандыру, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің ролін арттыру жолындағы маңызды қадам болады» деген болатын.

Міне, Елбасының сол Жолдауда берген тапсырмалары 2009 жылғы 9 ақпандағы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңында көрініс тауып, жергілікті мәслихаттарға қосымша және өзін-өзі басқару органдарына  біраз құқықтар мен міндеттер берді.  Сол жыл  халық қалаулыларына ерекше сенім арқалатқан жыл болды. Сенім жүгі аталмыш заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулардан бастау алып,  наурыз айындағы ҚР Президенті  Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған дәстүрлі Жолдауында жалғасын тапты. «Дағдарыстан – даму мен жаңаруға» деген атпен өмірге жолдама алған Жолдауда Елбасы жергілікті жерлерде жұмыспен қамту мәселелерін шешу үшін аудандық мәслихаттарға қаражат бөлу  жөнінде ұсыныс көтерді. Сонымен қатар, ауыл әкімдеріне бөлінетін 50-100 миллиондай қаржының жұмсалуы да  мәслихаттар бақылауында болса деген ой тастады. Бұл сөз жоқ, өкілді орган депутаттарына көрсетілген үлкен жауапкершілік болатын.

2009 жылғы сәуір айында «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бойынша заң тақырыбы және мәтіні «жергілікті мемлекеттік басқару» сөзі «және өзін-өзі басқару» деген сөзбен толықтырылды. Сонымен қатар Заңның 16 бабына енгізілген толықтырулар бойынша аудандық Мәслихаттың тексеру комиссиясына бақылау бөлімі беріліп, мемлекеттік әкімшілік қызметкерлер саны көбейді.

2012 жылдың 15 қаңтарында өткен кезектен тыс Қазақстан Республикасы аудандық мәслихаты депутаттарын сайлаудың қортындысынан кейін 23 қаңтарында аудандық мәслихатының кезекті V-шақырылған І ұйымдастыру сессиясы өз жұмысын жалғастырды.

Калиев Руслан Абдибекович

Буланбаева Кайрия

Егенбаева Гульсара Калиевна

Ахметова Кульзада Абилкаимовна

Рустамбеков Айдар Омарханович

Гусев Александр Михайлович

Поплавский Иван Иванович

Исаев Лема

Шакеев Еркен Кокенович

Кураметова Гульнара Съездбековна

Талкамбаев Адильбай Айнабекович

Искаков Алтынбек Яхянович

Амиркулов Ерлан Жамансариевич

Кыркынбаев Сейтхан Есенбаевич

Джакипбаев Еркин Канетович

Байшыгашев Саймасай Омиржанович

Койайдаров Нуркен Идрисович

Сайдуллаев Абликим  Садыкович

Лулудова Галина Федоровна

Мыкыбаев Жуман Сембаевич

Муканов Бахтыгали

Газиева Адалят Усенжановна

Умекова Гульжан Рыскельдиевна

Аталған 5 шақырылымның барлығында мәслихат хатшысы болып аудан жұртшылығына танымал Талқамбаев Әділбай Айнабекұлы сайланды.