Кеңестің отырыстары

Қоғамдық кеңестің Президиумының кеңейтілген отырысы (2018 жылдың 25 маусымы)

1. 2018 жылдың бірінші жарты жылдығына арналған есепті дайындау. 2018 жылдың екінші жартысында Еңбекшіқазақ аудандық қоғамдық кеңесі жұмыс жоспарын құру.

2. Комиссиялардың сапалық құрамы бойынша ұйымдастыру мәселелері.

3. «Құқықтық тәртiпті  және  қоғамдық қауiпсiздiкті қамтамасыз етудегі мәселелер және құқыққорғау мекемелерінің қызметіне халықтың сенімінің артуы және қылмыстық деңгейін төмендету бойынша».

4. Басқа сұрақтар.

2016 жылдың 06 наурызында Еңбекшіқазақ аудандық Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті. Отырыс барысында өзекті мәселелер қаралды:

1. Еңбекшіқазақ ауданы әкімі Б. Ысқақтың 2017 жылы жүзеге асырылған қызметінің нәтижелері туралы баяндамасын тыңдау.

2. Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының хатшысы Б. Ахметовтың 2017 жылы жүзеге асырылған қызметінің нәтижелері туралы қосымша баяндамасын тыңдау.

3. Қоғамдық кеңес төрағасы болып сайланған сәттен бастап жүзеге асырылған қызмет нәтижелері туралы Еңбекшіқазақ аудандық Қоғамдық кеңес төрағасының қосымша баяндамасын тыңдау.

4. Еңбекшіқазақ аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамы

5. Ауданның қоғамдық кеңесі туралы ережені талқылау

Елбасының "Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" атты бағдарламалық мақаласы аясында Еңбекшіқазақ ауданында

"Ауылым – алтын қазынам" Қоғамдық келісім Кеңесіне арналған форум өтті»

symbol"Болашаққа көзқарас: қоғамдық сананы жаңғырту" атты Елбасының бағдарламалық мақаласы аясында Еңбекшіқазақ ауданында "Ауылым – алтын қазынам" Қоғамдық келісім Кеңесіне арналған форум өтті»

Еңбекшіқазақ аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, "Елім-ай"қоғамдық қорының бастамасымен Есік қаласында "Ауылым – алтын қазынам" атты форум өтті. Форумға Еңбекшіқазақ ауданының әкімі Бинәлі Ысқақ Әбдіқапасұлы, Алматы облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық басшысы Ғабит Тұрсынбай, сондай-ақ Алматы облысы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Оралбек Жақиянов қатысты. Осы форумның төрағасы Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Әділбай Айнабекұлы Талқамбаев болды.

Есік қаласы және ауданның 25 ауылдық округтері Қоғамдық келісім кеңесінің атқарған жұмыстары туралы көрсеткіш ретінде көрме дайындады.

Шақырылған қонақтар көрменің ұсынылған жұмыстарымен танысты. Аудан әкімі Ысқақ Бинәлі Әбдіқапасұлы форумға қатысушыларға сәттілік тіледі. Сондай-ақ Ғабит Тұрсынбай, "Елім-ай" қоғамдық қорының төрағасы Жанаберген Мұхамедұлы, аудандық аналар одағының төрайымы Гүлнар Жошыбаева, аудандық қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі Оксана Бондаренко және Оралбай Жақиянов қоғамдық келісім кеңестерінің жұмысын жақсарту және ұлтаралық келісімді насихаттау жөнінде пікір алмасты.

Форум соңында қоғамдық келісім кеңестері алғыс хаттармен марапатталды. Үшінші орынды Бәйтерек ауылдық округінің Қоғамдық келісім кеңесі, екінші орынды Рахат ауылдық округінің Қоғамдық келісім кеңесі және бірінші орынды Ават ауылдық округінің Қоғамдық келісім кеңесі иеленді.  Жүлдегерлерге естелік суреттер табыс етілді . Бас жүлдені жеңіп алған Есік қаласының қоғамдық келісім кеңесі дипломмен марапатталды және түрлі-түсті теледидарға ие болды. 

2811201712

WITHIN THE FRAMEWORK OF THE PROGRAM ARTICLE OF THE PRESIDENT "BOLASHAKKA BAGDAR: RYHANI ZHANGIRY", A REGIONAL FORUM "AYILIM - ALTIN KAZINAM" WAS HELD DEDICATED TO THE WORK OF THE ENBEKSHIKAZAKH DISTRICT PUBLIC CONSENT CENTERS

November 24 of this year with the support of internal policy department Enbekshikazakh district on the initiative of public fund "Elim-ai" in the district center, in the city of Issyk held a forum on the theme of "Ayilim - altin kazinam". It was attended by akim Enbekshikazakh district Binali Iskak, deputy chairman of the regional APK, head of the secretariat Gabit Tursynbai, chairman of the Public Council under the consent of the APK Oralbek Zhakianov. Moderated by the chairman of the Council of public consent Enbekshikazakh district Adilbay Talkambaev.

As the exhibition was presented the work of the Council of Public approval of 25 rural counties and the city of Issyk. District akim Binali Abdykapasuly wished good luck and success in the work of the forum. Then deputy chairman of the regional APK, head of the secretariat Gabit Tursynbai, chairman of the Public Fund "Elim-ai" Zhanabergen Muhameduly, the chairman of the regional council of mothers Gulnara Zhoshibaeva, a member of the district Council for Public Consensus Oksana Bondarenko and the chairman of the APK Council of Public Accord Oralbek Zhakiyanov shared their thoughts on the revitalization of the work of the council and the strengthening of the work of interethnic harmony.

At the end of the forum, the Councils of Public Accord on the results of the work of 2017 were awarded. As a result, the third place was taken by the Council of public consent of the Baiterek rural district, the second place went to the rural district of Rakhat, the first place was taken by the Council of public consent of the rural district of Avat. Winners were awarded with memorable pictures, and the Issyk City Public Consent Council won the Grand Prix with a special diploma and a color TV.

Өнер тарланы – лицейде

А.Мәлкеев атындағы қазақ-түрік лицейінің тәрбие жоспарына сәйкес, қоғам қайраткерлерімен, өнер, спорт тарландарымен кездесу ұйымдастырылып, балалардың бойында жан-жақты жақсы қасиеттерді дамыту жолға қойылған.

Жақында ғана соның тікелей куәсі болдық. Қазақстан Республикасының халық әртісі, бүкіл қазақ еліне танымал Актер, фильмографиясында 33-тен астам рөлі бар Жаманқұлов (Әль-Тарази) Тұңғышбай Қадырұлымен келесі кездесу өтті.

                                      IMG_7158

Қарапайымдылығымен, қазақтың канына сіңген ашықтығымен бірден балалардың көңілін жаулап алған тау тұлғалы Тұңғышбай аға: «Біздің тілде мұндай кездесулерді «мастер класс» дейді. Менен өздерінді қызықтырып жүрген сұрақтарды сұраңдар, талқылайық, әңгімелесейік. Қысылмаңдар, менің де сендер сияқты балаларым бар, шәкірттерім жетерлік. Өмір сүріп жатқан жерім – қазақ елі, қызметім – қазақтың өнері», — деп ағынан жарылды. Жастардың болашағына алаңдаушылығын жасырмай: «Қазір таза өнер мен базар өнер араласып кетті. Жарқылдаған түстер мен тарсылдаған әуен сананы алдауда. Сендердің де кейде ненің жақсы, ненің жаман екенін ажыратуда шамаларың келмей қалады. Бір мысал айтайын, тойдың басынан аяғына дейін бір толастамай шырқалатын «Мария магдалена чип-чип-чип» деген ән бар. Ал, ол не сөз нендей мағына? Біздің қазаққа тіптен жат ұғым, біле білсендер. Кезінде «магдалена» деген опасыздық жасаған әйел болған, сондықтан да оны «грешная Магдалена» деп те атаған. Ал енді біз келеміз де оны әңге қосып, құлақтарымызға сіңіріп жатырмыз. Осыдан қандай тәрбие, қандай өнеге алуға болады?! Одан қала берді, чип-чип-чип деп тауықтарды шақырып жатыр ма?» — деп өнердің биігін аласартып жүрген жандарға деген ренішін эасырмады Тұңғышбай Қадырұлы.

Оқушылардың қойған сұрақтарына тұшымды жауап берген Тұңғышбай ағамыз Әділбай Талқамбаев ағамыздың қазақтың қара домбырасымен ән салып берсеңіз деген өтінішін де жерге тастамады. Ойлы сөздері бар термені тебірене шырқан, қошеметке бөлінді.

Тағылымы мол, өнегелі кездесудің соңы қадірлі қонаққа шапан жабуға ұласты. Лицей оқушылары естелік суретке түсіп, қолтаңбасын алды есімі елге танымал ер ағаларының.