Қызметінің мониторингі

ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНЫНЫҢ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ  ЖҰМЫСЫ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Қоғамдық кеңестердің рөлін күшейту мәселесі Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың халықтың назарына ұсынған Ұлт жоспары - бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам бағдарламасында айқындалып, билік пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимыл жасауын дамыту, шешімдерді талқылау мен қабылдау негізінде аудан жұртшылығының пікірін ескеру, басқару органдары қызметінің ашықтығына бағытталған.

Өздеріңізге белгілі «Қоғамдық кеңестер туралы» Заң 2015 жылғы 2 қарашада қабылданып 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілді.

Ол халық алдында есеп беретін мемлекет қалыптастыру, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың шешімдер қабылдауына азаматтардың және қоғамның кеңінен қатысуын қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған қоғамдық кеңестердің қызметін ұйымдастыру тәртібін айқындайды.  Қоғамдық кеңестердің негізгі мақсаты, азаматтық қоғамның қоғамдық маңызды мәселелері бойынша пікірін білдіру болып табылады. Осы Заңға сәйкес Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2016 жылдың 26 ақпандағы  № 58-1 шешімімен аудандық Қоғамдық кеңестің құрамы және 2016 жылғы 23 мамырдағы № 4-3 шешімімен Қоғамдық кеңестің ережесі бекітілген болатын.

Еңбекшіқазақ аудандық  Қоғамдық кеңесінің құрамы:  

Еңбекшіқазақ аудандық Қоғамдық кеңесі 25 мүшеден құрылған, олардың ішінде: 18 коммерциялық емес үйымдардың және 7 мемлекеттік органдардың өкілдері, өзін өзі ұсынғандар жоқ.

Кеңес мүшелерінің 5-і үкіметтік емес ұйым өкілдері болса, 5-і бизнестік құрылымнан, 8-і мемлекеттік органдар, 7-і басқа бағыттардағы құрылымдардың өкілдері. 19-ы ер адамдар, 6-ы әйелдер.

Бүгінгі таңда қоғамдық кеңес мүшелегінен 2 адам өз еркі бойынша өтініштерімен, 2 адам қайтыс болуына байланысты (барлығы 4) шығып қалды.

2018 жылдың тамыз айындағы кезеңде Еңбекшіқазақ аудандық Қоғамдық кеңесінің құрамында 21 адам бар.

Еңбекшіқазақ аудандық  Қоғамдық кеңесінің төралқасы:

Қоғамдық кеңес қызметіне оның отырыстары арасындағы кезеңде басшылықты 7 адамнан қалыптастырылған Қоғамдық кеңес төралқасы атқарады.

Еңбекшіқазақ аудандық  Қоғамдық кеңесінің комиссиялары:

«Қоғамдық кеңес туралы» ҚР Заңының 5 бабының 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес қоғамдық бақылау рәсімдерін жүзеге асыру, Қоғамдық Кеңестің алдағы қызметін ыңғайластыру мақсатында ба5ыттар бойынша комиссиялар құрып жұмыс атқару ұсынылды. Осыған орай негізгі қызмет бағыттары бойынша 3 комиссия құрылды. Олар:

1. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларды, стратегиялық жоспарларды немесе аумақтарды дамыту бағдарламаларының жоспарларыны4 орындалуы мәселелері туралы комиссия.

Төраға – Жошыбаева Гүлнәр Сағатқызы

2. Адамдардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты қызметтік әдеп нормаларының сақталуы мәселелері туралы комиссия.

Төраға – Айтақынов Әбілбек

3. Жергілікті атқарушы органдардың, бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларды іске асыру мәселелері туралы комиссия.

Төраға – Ілебаев Айбек Қасымханұлы

Еңбекшіқазақ аудандық  Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспары:

Еңбекшіқазақ аудандық  Қоғамдық кеңесінің қызметі Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсыныстары негізінде қалыптастырылып, ашық дауыс беру жолымен бекітілетін жылдық жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылуда.

Еңбекшіқазақ аудандық  Қоғамдық кеңесінің материалдық – техникалық қамтамасыз етілуі:

Еңбекшіқазақ аудандық  Қоғамдық кеңесінің толыққанды қызметін қамтамасыз ету үшін Еңбекшіқазақ аудандық  әкімдігінің ғимаратында Қоғамдық кеңес төрағасы мен кеңеске қызмет ететін төралқасына арналған 1 кабинет бөлінді.

2016 жылдың сәуір айында Кеңес мүшелерінің халықпен жұмысын жеңілдету мақсатында, куәліктер мен мөртаңба жасап берілді.

Еңбекшіқазақ аудандық  Қоғамдық кеңесінің атқарған жұмыстары:

Қоғамдық кеңес өз қызметін қоғамдық өмірдің әртүрлі нысандары арқылы ауданымыздың барлық бағытты салалары бойынша көптеген қоғамдық маңызды аймақтарды қамтитын төменгі бағыттарға негіздей отырып жалғастыруда:

* Қоғамдық мониторинг

* Қоғамдық тыңдаулар

* Қоғамдық сараптама - НҚА жобаларының талқылануы

* Мемлекеттік органның жұмыс қорытындысы туралы есепті тыңдау

Қоғамдық кеңестің отырыстарын өткізіп, толыққанды жұмыс жасауы үшін аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаты тарапынан тұрақты түрде көмек көрсетіліп келеді. Қоғамдық кеңес қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігінің ресми сайтында арнайы бөлім ашылып, қоғамдық кеңестің қызметіне байланысты барлық ақпараттар орналастырылуда.

Аудан жұртшылығының қоғамдық кеңестің атқарған жұмыстарынан хабардар болуы үшін аудандық Қоғамдық кеңесте қаралған мәселелер аудандық «Еңбекшіқазақ» газетіне үнемі жарияланады.

Жалпы Еңбекшіқазақ аудандық Қоғамдық кеңесінің жұмыс жоспарына сәйкес 34 отырысы өтті. Қоғамдық кеңестің отырысында барлығы  33 мәселе қаралды, соның ішінде бюджеттің орындалуы, әлеуметтік қолдау, медицина, халыққа қызмет көрсету, қоғамдық тәртіпті сақтау және жайылымдық жерлерді пайдалану мәселелеріне баса назар аударылды. Аталаған бағыттарда есепті мерзім ішінде 30 мемлекеттік органдар басшыларының есептері талқыланды.

Сонымен қатар азаматтың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты 55 нормативтік құқықтық актілердің жобалары талқыланып, қортынды ұсынымдар берілді. Қаралған шешім жобаларынан жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін нормалар анықталған жоқ.

Қорыта айтқанда Қоғамдық кеңестердің жұмысын жандандыру арқылы жергілікті өзін-өзі басқаруды жетілдіру, елді-мекендердегі, ауыл-аймақтағы тұрақтылық пен ауызбірлікті сақтау, халыққа қызмет көрсетудің сапасын арттыру, қолжетімділік,  тұрғындардың билікке деген сенімін қалыптастыру, олардың арыз-шағымдарына сергектікпен қарау, әлеуметтік мәселелерді шешу, қоғамдық тәртіпті сақтау, құқық бұзушылықты болдырмау секілді күрделі мәселелерді шешу бағытында аудандық  Қоғамдық кеңесі  нәтижелі іс тындырды деп толық айтуға болады.

Осы жасалған жұмыстардың арқасында қазір қоғамдық кеңес туралы білмейтін адам кемде кем. Кеңес мүшелері де ауданға еңбегі сіңген, келелі мәселелерді шеше алатын танымал азаматтар.

Қоғамдық кеңес күрделі саналатын көптеген мәселелер бойынша жұмыс жасауда.