Жұмыс жоспарлары

      

«КЕЛІСЕМІН»

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың хатшысы

_____________ Б. Ахметов

«___»  _________ 2017 жыл

 

 «БЕКІТЕМІН»

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың тұрақты комиссиясының төрағасы

______________Г. Егенбаева

«___»  _________ 2017 жыл

 

Әлеуметтік бағыттағы салаларды дамыту мен заңдылық, құқықтық тәртіп, қоғамдық келісім, жергілікті

мемлекеттік басқару  және өзін – өзі басқару мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2018 жылға арналған

ЖҰМЫС ЖОСПАРЫ

 

Қаралатын мәселелер мен  шаралар

Жауапты

Мерзімі

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ ЖҰМЫСЫН ҮЙЛЕСТІРУ

1

Тұрақты комиссияның 2018 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітуге ұсыну.

Б.Сатыбалдиев

желтоқсан

2017

2

Тұрақты комиссияның атқарған жұмысы бойынша тоқсандық  және жылдық есептерді дайындау.

Б.Сатыбалдиев

тоқсан сайын

3

Тұрақты комиссияның атқарған жұмысы бойынша Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің және жаңадан жасалған аудандық мәслихаттың ресми сайтында ақпараттарды орналастыру.

Б.Сатыбалдиев

тұрақты түрде

4

Тұрақты комиссияның атқарған жұмысы бойынша тоқсан сайын аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында мақалалар жариялау.

Б.Сатыбалдиев

тоқсан сайын

5

Тұрақты комиссияның жұмысының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ету мақсатында отырыстарына аудандық бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуын және олардың ақпараттық қолдау көрсетуін қамтамасыз ету.

Б.Сатыбалдиев

аудандық БАҚ

тұрақты түрде

6

Тұрақты комиссияның жұмысын үйлестіру мақсатында ақпараттық-әдістемелік құралдарды дайындау.

Б.Сатыбалдиев

қаңтар

7

Тұрақты комиссияның жұмысын үйлестіру мақсатында тоқсан сайын анализден өткізу жұмыстарды жүргізіп мониторингтік ақпарат дайындау.

Б.Сатыбалдиев

тоқсан сайын

8

Тұрақты комиссияның қаулыларын шығару, орындалуына талдау жасау және бағытты жұмыстардың жүргізілуін қамтамасыз ету.

Б.Сатыбалдиев

тұрақты түрде

9

Тұрақты комиссияның бағыты бойынша маңызды мәселелерді сессияда қарау туралы ұсыныстарды енгізу, депутаттық сауалдар дайындау.

Б.Сатыбалдиев

комиссия мүшелері

қажеттілігі бойынша

10

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының кезекті және кезектен тыс сессиясының күн тәртібіне қойылған комиссия құзіреттілігіне жататын мәселелерді алдын ала талқылау және қарастыру.

Б.Сатыбалдиев

комиссия мүшелері

қажеттілігі бойынша

11

Тұрақты комиссияның жұмысын үйлестіру мақсатында жеке және бірлескен, сондай-ақ көшпелі отырыстарын, көпшілік тыңдауларын дайындау, ұйымдастыру және өткізу.

Б.Сатыбалдиев

комиссия мүшелері

тұрақты түрде

12

Тұрақты комиссияның жұмысы бойынша ақпараттық жұмыс тобының кездеулері мен елді мекендерді аралау кестелерін дайындау, өткізу.

Б.Сатыбалдиев

комиссия мүшелері

қажеттілігі бойынша

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯНЫҢ БАҒЫТТАРЫ

1

Құқықтық тәртіп, заңдылық, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы аудандық ішкі істер органдарының жергілікті полиция қызметінің есебін мәлихат сессиясында жылына екі рет тыңдауды қамтамасыз ету.

Б.Сатыбалдиев

комиссия мүшелері

жоспар бойынша

2

Қоғамдық келісім мен саяси ахуал тұрақтылығын қамтамасыз ету бойынша атқарылған жұмыстарға талдау жүргізу, жауапты мекемелердің, кеңестер мен бірлестіктердің есептерін тыңдау.

Б.Сатыбалдиев

комиссия мүшелері

жоспар бойынша

3

Заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында аудандық мәслихат шешімдерінің орындалуын, олардың заң талаптарына сәйкес болуын қамтамасыз ету, уақытылы талдау жүргізу.

Б.Сатыбалдиев

комиссия мүшелері

жоспар бойынша

4

Жергілікті мемлекеттік басқару аясында

Есік қаласы мен ауылдық округтердің әкімдері аппаратының, өзге де жергілікті атқарушы мемлекеттік органдардың қызметіне ақпараттық талдау жасау, есептерін тыңдау.

Б.Сатыбалдиев

комиссия мүшелері

жоспар бойынша

5

Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген құзыреті шегінде тиісті аумақта мемлекеттік саясатты жүргізіп, әлеуметтік бағыттағы белігілі бір салалалық бағытты дамыту мақсатында тікелей қызмет етіп отырған (бөлімдер) мекемелерге ақпараттық талдау жасап, есептерін тыңдау.

Б.Сатыбалдиев

комиссия мүшелері

жоспар бойынша

ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯ ОТЫРЫСТАРЫНДА ҚАРАЛАТЫН МӘСЕЛЕЛЕР

1

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2017 жылғы жұмыстарының қорытындысы және осы салада туындап отырған түйінді мәселелерді шешу үшін қабылдаған шаралары мен жоспарлары туралы.

Г.Егенбаева

Б.Сатыбалдиев

комиссия мүшелері

қаңтар

2

Дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2017 жылғы жұмыстарының қорытындысы және осы салада туындап отырған түйінді мәселелерді шешу және тұрақты комиссияның қаулыларын орындау үшін қабылдаған шаралары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары.

Г.Егенбаева

Б.Сатыбалдиев

комиссия мүшелері

қаңтар

3

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің 2018 жылдың есепті кезеңінде атқарған жұмыстарының қорытындысы және осы салада туындап отырған түйінді мәселелерді шешу және тұрақты комиссияның қаулыларын орындау үшін қабылдаған шаралары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары.

Г.Егенбаева

Б.Сатыбалдиев

комиссия мүшелері

сәуір

4

Білім бөлімінің 2016-2017  оқу жылындағы жұмысының қорытындылары мен көрсеткіштері, 2017 жылы тұрақты комиссияның қаулыларымен жүктелген міндеттерді орындау үшін қабылдаған шаралары, білім бөліміне 2018 жылға бөлінген қаражатты нысаналы пайдалану мен игеру мақсатынағы алдағы кезеңге арналған жоспарлары.

Г.Егенбаева

Б.Сатыбалдиев

комиссия мүшелері

маусым

5

Аудандық денсаулық сақтау саласының 2018 жылдың есепті кезеңінде атқарған жұмыстарының қорытындысы мен осы салада туындап отырған түйінді мәселелерді шешу үшін қабылдаған шаралары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы.

Г.Егенбаева

Б.Сатыбалдиев

комиссия мүшелері

шілде

6

Ішкі саясат бөлімінің құзіретіндегі әрбір бағытты сала бойынша 2018 жылдың есепті кезеңінде атқарған жұмыстарының қорытындысы, 2017 жылы тұрақты комиссияның қаулыларымен жүктелген міндеттерді орындау үшін қабылдаған шаралары туралы.

Г.Егенбаева

Б.Сатыбалдиев

комиссия мүшелері

шілде

7

Аудандық жұмыспен қамту орталығы 2018 жылдың есепті кезеңінде атқарған жұмыстарының қорытындысы мен осы салада туындап отырған түйінді мәселелерді шешу және тұрақты комиссияның қаулыларын орындау үшін қабылдаған шаралары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы.

Г.Егенбаева

Б.Сатыбалдиев

комиссия мүшелері

қазан

8

«Еңбекшіқазақ ауданының жастары» ресурстық орталығының 2018 жылдың есепті кезеңінде атқарған жұмыстарының қорытындысы мен жастар саясатын дамытуда туындап отырған түйінді мәселелерді шешуге арналған жоспарлары туралы.

Г.Егенбаева

Б.Сатыбалдиев

комиссия мүшелері

қазан

9

Тұрақты комиссияның атқарған жұмысы туралы қорытынды есебі.

Г.Егенбаева

 

желтоқсан

Тұрақты комиссияның негізгі бағыты мен міндетіне сәйкес комиссия төрағасының немесе мүшелерінің ұсынысы бойынша, өткізілген отырыстардың хаттамаларының негізінде, шығарылған қаулылардың орындалуын бақылау және талап ету мақсатында есепті жыл ішінде қажеттілігі бойынша жоғарыда көрсетілген әрбір мекеменің (бөлімнің) жұмысы мен осы салаға қатысты түйіткілді мәселе туындаған жағдайда, сондай-ақ олардың есептерінің қанағаттандырылу деңгейіне байланысты екінші рет қайтадан тыңдалуы мүмкін.

ЖЕРГІЛІКТІ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖӘНЕ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ

1

Қазақстан, Тескенсу, Қаратұрық, Қорам, Шелек ауылдық округтерінің әкімдерінің есептерін тыңдау.

Есік қаласы мен ауылдық округ әкімдері

 

Г.Егенбаева

Б.Сатыбалдиев

 

комиссия мүшелері

наурыз

2

Сөгеті, Масақ, Бартоғай, Қаражота, Малыбай, Асы ауылдық округтерінің әкімдерінің есептерін тыңдау.

мамыр

3

Бәйтерек, Ават, Жаңашар, Саймасай, Ташкенсаз ауылдық округтерінің әкімдерінің есептерін тыңдау.

тамыз

4

Қаракемер, Бәйдібек би, Ақши, Балтабай, Қырбалтабай ауылдық округтерінің әкімдерінің есептерін тыңдау.

қазан

5

Есік қаласы мен Рахат, Көктөбе, Түрген, Бөлек ауылдық округтерінің әкімдерінің есептерін тыңдау

қараша