Жалпы мәліметтер

Жалпы ақпарат

Мекеменің толық атауы: «Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі

Мекен-жайы: 040402 Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Жамбыл даңғылы, № 21 «а» үй, 3 қабат,  № 317 кабинет.

Электрондық пошта: maslihat777@mail.ru

Байланыс телефоны :8/72775/ 7-25-55

«Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабы 11 тармағына сәйкес жергiлiктi өкiлдi орган (мәслихат) – облыстың (республикалық маңызы бар қаланың және астананың) немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркiн бiлдiретiн және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны iске асыру үшiн қажеттi шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.

 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1 бабы 9 тармағына сәйкес жергiлiктi өзiн-өзi басқару-халық тiкелей жүзеге асыратын, сондай-ақ мәслихаттар және басқа да жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары арқылы жүзеге асырылатын осы Заңда, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде айқындалған тәртiппен жергiлiктi маңызы бар мәселелердi өзiнiң жауапкершiлiгiмен дербес шешуге бағытталған қызмет; жүктелген органдар.

1. Мәслихат аппараты мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетедi.

2. Мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.

3. Мәслихаттың өкiлеттiк мерзiмiнiң аяқталуымен, мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiнен бұрын тоқтатылған және оның депутаттарының жаңа құрамы сайланған жағдайларда, мәслихат аппараты мемлекеттiк қызметшiлерiнiң қызметi тоқтатылмайды.

 4. Мәслихат аппараты жергiлiктi бюджет есебiнен ұсталатын мемлекеттiк мекеме болып табылады.

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 19 бабына сәйкес

1. Мәслихаттың хатшысы тұрақты негiзде жұмыс iстейтiн лауазымды адам болып табылады. Оны мәслихат сессиясында депутаттардың арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттар жалпы санының көпшiлiк даусымен мәслихат сайлайды және қызметтен босатады. Мәслихаттың хатшысы мәслихат өкiлеттiгi мерзiмiне сайланады.

2. Мәслихат хатшысы лауазымына кандидатураларды мәслихат депутаттары мәслихат сессиясында ұсынады.

3. Мәслихат хатшысы:

1) мәслихат сессиясын және оның қарауына енгiзiлетiн мәселелердi әзiрлеудi ұйымдастырады, хаттама жасалуын қамтамасыз етедi және сессия төрағасымен бiрге мәслихат сессиясында қабылданған немесе бекiтiлген шешiмдерге, өзге де құжаттарға қол қояды;

2) мәслихат депутаттарының өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыруына жәрдемдеседi, оларды қажеттi ақпаратпен қамтамасыз етедi, депутаттарды мәслихат сессияларына, оның тұрақты комиссияларының және өзге де органдарының жұмысына және сайлау округтерiндегі жұмысқа қатысуы үшiн қызметтiк мiндеттерiн орындаудан босатуға байланысты мәселелердi қарайды;

 3) депутаттар сауалдарының және депутаттық өтiнiштердiң қаралуын бақылайды;

4) мәслихат аппаратының қызметiне басшылық жасайды, оның қызметшiлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

5) сайлаушылар өтiнiштерi туралы және олар бойынша қабылданған шаралар туралы мәслихатқа ұдайы ақпарат берiп отырады;

6) мәслихаттың өзге де жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимылын ұйымдастырады;

6-1) осы Заңның 24-бабына сәйкес әкiмге сенiмсiздiк бiлдiру туралы мәселеге бастамашылық еткен мәслихат депутаттарының жиналған қолдарының төлнұсқалығын тексеруді ұйымдастырады;

7) өз құзыретiндегi мәселелер бойынша өкiмдер шығарады;

8) мәслихаттың тұрақты комиссиялары мен өзге де органдарының және депутаттық топтардың қызметін үйлестiреді;

9) мемлекеттiк органдармен, ұйымдармен, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен қарым-қатынастарда мәслихат атынан өкiл болады;

10) мәслихат шешiмдерiнiң жариялануын қамтамасыз етедi, олардың орындалуына бақылау жасау жөнiндегi iс-шараларды белгiлейдi;

11) мәслихат шешiмi бойынша өзге де мiндеттердi орындайды.

4. Мәслихат хатшысының мәслихаттың тұрақты комиссияларында болуға құқығы жоқ.

5. Мәслихаттың хатшысы болмаған кезде оның өкiлеттiгiн мәслихат сессиясы төрағасының шешiмi бойынша мәслихат тұрақты комиссияларының бiрiнiң төрағасы немесе мәслихат депутаты уақытша жүзеге асырады.

Еңбекшіқазақ аудандық

мәслихат хатшысының

2017 жылдың 04 тамыздағы

№17-ө өкімімен бекітілген

 

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихат хатшысының жеке және заңды тұлғалардың өкiлдерiн қабылдау кестесі

 

Аты – жөні, тегі

Лауазымы

Азаматтарды қабылдау уақыты

Байланыс телефоны

1

Ахметов Бекет

Тулегенович

 

Мәслихат хатшысы

Дүйсенбі – бейсенбі

сағат 09:00-ден – 18:30-ға дейін

8727 75 725 55

 

Мекен-жайы: 040402 Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Есік қаласы, Жамбыл даңғылы, № 21 «а» үй, 3 қабат,  № 317 кабинет.

Электрондық пошта: maslihat777@mail.ru

Байланыс телефоны :8/72775/ 7-25-55