2017 ЖЫЛДЫҢ 27 ЖЕЛТОҚСАНЫНДА ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ VI ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ХХІІІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Аудандық мәслихат кезектен тыс сессия отырысының күн тәртібінде 1 ғана мәселе қарастырылды.

         Мемлекет басшысының Бес институттық реформасы аясындағы «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының 98-қадамы шеңберінде аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ деңгейінде жергілікті өзін өзі басқарудың дербес бюджетін енгізу көзделгені белгілі.

         Осыған орай жергілікті өзін өзі басқару заң жобасы бойынша 2018 жылдан бастап халық саны 2000 адамнан астам әкімшілік аумақтарда мемлекеттік бюджеттің 4 - деңгейі енгізілді. Бұған аудандағы Есік қаласы мен 25 ауылдық округтің барлығы жатады. Сәйкесінше күн тәртібінде «Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласы мен ауылдық округтерінің 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттерін бекіту» туралы мәселе қарастырылды.