2018 ЖЫЛДЫҢ 7 ТАМЫЗЫНДА ЕҢБЕКШІҚАЗАҚ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ VI ШАҚЫРЫЛЫМЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ХХХІІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

  

      Тұрақты комиссиялардың біріккен отырысы аудандық мәслихаттың алтыншы шақырылымының депутаты Г.Мухтарова төрағалық еткен кезекті ХХІІ cесcия жұмысымен жалғасты. Сессия жұмысына аудан әкімі Б.Ысқақ, аудан әкімінің орынбасарлары, ауылдық округ әкімдері, мекеме және бөлім басшылары қатысты.

      Сессияның күн тәртібінде тұрақты комиссиялардың біріккен отырысында талқыланып, сессия отырысында қарауға ұсынылған Еңбекшіқазақ ауданының 2018-2020 жылдарға арналған бюджетіне өзгертулер енгізу, Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенді дамыту жөніндегі «Агробизнес-2020» мемлекеттік бағдарламасын орындау және аудан аумағында ауылшаруашылығы саласының дамуын қамтамасыз ету үшін атқарылып жатқан іс-шаралары, аудан аумағындағы кәсіпкерлік пен туризмді дамыту мен қолдау, әлеуметтік бағыттағы және мемлекеттік қызметтерді көрсету аясында атқарылған жұмыстар туралы есептер мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің тарапынан енгізілген Еңбекшіқазақ ауданындағы аз қамтылған отбасыларға /азаматтарға/ тұрғын үйкөмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау сияқты бірқатар маңызды нормативтік құқықтық актілердің жобасы  қаралды.

      Күн тәртібіне қойылған алты мәселе де аудандық мәслихат депутаттары тарапынан бірауыздан мақұлданды.

      Сессия соңында қорытынды сөз алған аудан әкімі Бинәлі Әбдіқапасұлы атқарылып жатқан іс-шаралар мен алдағы жоспарлары туралы кеңінен әңгімеледі. Сөзінің соңында, Б.Ысқақ әрбір жауапты лауазымда отырған азамат өз жұмысын жетілдіруі тиістігін, артылған жауапкершіліктің жүгі ауыр екендігін ескерте отырып. Осы ортақ міндеттерді жүзеге асыруда билік пен халық қалаулыларын тығыз қарым-қатынаста болуға шақырды.​