Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың XLV (45) сессиясы

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың XLV (45) сессиясы аудан әкімдігінің мәжіліс залында 2019 жылғы 9 сәуірінде сағат 11.00-де өтті.

Күн тәртібінде Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 131, 132-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1-тармағына 1) тармақшасына және 2-7 бабына сәйкес, «Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының 2018 жылға Еңбекшіқазақ ауданы бойынша жергілікті бюджетінің атқарылуы туралы (жергілікті атқарушы органның есебіне қорытынды)» (бұдан әрі – қорытынды есеп) Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Ноғайбеков Жұбаныш Жұмаханұлының қорытынды есебі мен  «2018 жылға Еңбекшіқазақ ауданы бойынша аудандық бюджетінің орындалуы туралы» Еңбекшіқазақ аудандық қаржы бөлімінің басшысы Хайруллаев Батыр Таштемірұлының есебі қарастырылып, Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаты "Еңбекшіқазақ ауданының 2018 жылға арналған аудандық бюджетінің және  Есік қаласы мен ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті қарау және бекіту туралы" шешім қабылдады.