Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының XLVI (46) сессиясы

2019 жылғы 23 сәуірінде Л.Исаевтың төралығымен Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың кезектен тыс XLVI (46) сессиясы өтті.

Сессия барысында депутаттар бірқатар мәселелерді қарады, атап айтқанда:

1. Еңбекшіқазақ ауданындағы құқық  бұзушылықтың алдын алу жөніндегі  ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту;

2.  Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының хатшысына сыйақы беру туралы

Сессия қортындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Сессияның жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудандық басқармалар мен бөлімдердің өкілдері, Есік қаласы мен округтердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.