Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының XLVIІ (47) сессиясы

2019 жылғы 13 мамырында  Г.Егенбаеваның төралығымен Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың кезектен тыс XLVIІ (47) сессиясы өтті.

Сессия барысында депутаттар бірқатар мәселелерді қарады, атап айтқанда:

1. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабынына сәйкес,«Есік қаласы және ауылдық округтерінде өзін-өзі басқарудың 4-ші деңгейдегі бюджеті бойынша атқарылған жұмыстары туралы» Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары А.Досымбаевтың баяндамасын тыңдады және талқылады;

2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабынына сәйкес,«Елбасы Жолдауы аясында агроөнеркәсіп кешенінің әлеуетін толық іске асыру және Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіпті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша аудан аумағында атқарылған жұмыстар туралы» Еңбекшіқазақ ауданы әкімінің орынбасары М.Бекетаевтың баяндамасын тыңдады және талқылады.

Сессия қортындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Сессияның жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудандық басқармалар мен бөлімдердің өкілдері, Есік қаласы мен округтердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.