Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының XLVIІІ (48) сессиясы

2019 жылғы 29 мамырында  Г.Егенбаеваның төралығымен Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың кезектен тыс XLVIІІ (48) сессиясы өтті.

Сессия барысында депутаттар бірқатар мәселелерді қарады, атап айтқанда:

1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 106-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 1-тармағының  1) тармақшасына сәйкес "Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 27 желтоқсандағы «Еңбекшіқазақ ауданының 2019-2021 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 40-90 шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Еңбекшіқазақ ауданының экономика және бюджет тік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысының м.а Б. Мушаеваның хабарламасын тыңдады және талқылады;

2. «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабының 1 тармағы 12) тармақшасына сәйкес және аудан әкімінің 2019 жылғы 28 мамырдағы  № 75-01-10/1160 хатының, аудан әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 387 қаулысының негізінде Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2018 жылғы 4 қазандағы «Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы»  № 35-76 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудан әкімі аппаратының заң және мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Б.Жайлаубаевтың хабарламасын тыңдады.

Сессия қортындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

Сессияның жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, аудандық басқармалар мен бөлімдердің өкілдері, Есік қаласы мен округтердің әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.